Елордада газ толтыру стансасында өрт шықты
Фото: malim.kz сайтынан
4 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордада газ толтыру стансасында өрт шығып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Қазіргі кезде үшеуі ауыр халде жатыр. Оқиға кеше сағат 22:00 шамасында орын алған. Нысанға өрт сөндірушілер жеткен бетте ғимараттың жанып жатқанын анықтаған. Кейін штаб құрылып, қызыл жалынды сөндіруге кіріскен.
«Зардап шеккендер негізі жалға беретін үй жайлардың жұмысшылары. Негізгі өрттің себебі, материалдық жағдайы және кінәлі тұлғалар анықталуда. Өрт нәтижесінде бүгінгі күнге қылмыстық іс қозғалды»,- деп мәлімдеді ТЖД Өрт қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52