Шымкентте жол жөндеп жүрген жүк көлігі бетонға соғылды

30.06.2023 19:21

Соның салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Шымкентте КамАЗ көлігінің кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Темірлан тасжолы мен Алматы тасжолының қиылысында болған.

Жерасты жолын салу кезінде «КамАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соғылған.

Соның салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды.

«Авариялық құтқару жұмысына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болғандықтан жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.