Елордада Toyota Camry ауыр жүк көліктің астына кіріп кетті

11.05.2021 19:23

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

Елордада Toyota Camry ауыр жүк көліктің астына кіріп кетті. Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатқан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Shacman ауыр жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Толық көрсету