«Қазақстан» шахтасында тұтанған өрт әлі сөндірілген жоқ

22.08.2023 19:24

Шахтада іздестіру жұмыстары аяқталды

Almaty.tv

«Арселор Миттал Теміртауға» қарасты «Қазақстан» шахтасында тұтанған өрт әлі сөндірілген жоқ. Төтеншеліктерге 5 күн бұрын шарпыған өртті өшіру қиынға соғып жатқан көрінеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, өндіріс орнындағы өрттің тұтануына транспортерлік лента себеп болған. Министр «От сол жердегі көмірге түскен. Оның жануы ұзаққа созылып, қиындық тудырып отыр» деді. Ол шахтадағы температураның тым жоғары екенін атап өтті. Осыған байланысты апаттық учаскені гипс жалғастырғышпен оқшаулау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

– Шахтадағы іздестіру жұмыстарын аяқтадық. Ал апаттың себебін анықтайтын арнайы комиссия әлі жұмысқа кірісе алмай отыр. Себебі ондағы өрт әлі өшпеген. Температура жоғары және ештеңе көрінбейді. Енді тиісті технологияларды ескере отырып, жұмысты орындау қажет. Оттың нақты қашан сөндірілетіні туралы әлі ештеңе айта алмаймыз, – деді ҚР ТЖМ Сырым Шәріпханов.

Оқи отырыңыз: Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметін сынға алды