Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денесі табылды.
- Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын, - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Сонымен қатар қаза болған отбасының қазіргі уақытта шетелде оқитын үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы лай көшкіні: көз жұмғандардың саны артты