Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды
gov.kz
Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайдың видеосы Ustanovka 98 telegram арнасында жарияланды.
"Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында. Қазірдің өзінде өрт оқшауланып үлгерді, толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді Руслан Иманқұлов.
Сәлден кейін ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазының өртенгенін, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығанын нақтылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16