ШҚО-да бір жылдан бері іздеуде жүрген ер адам ұсталды

01.10.2021 в 19:25

Бұрын сотталған 38 жастағы азамат түрлі ауданда астыртын өмір сүріп келген

Шығыс Қазақстан облысында бір жылдан бері іздестіріліп келген ұры ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұсталған азамат Нұр-Сұлтанда қонақүйдегі бөлмелердің бірінен қомақты қаражатты қолды қылды деген күдікке ілінген.  

Бұрын сотталған 38 жастағы азамат елордалық полицейлерден бір жылдай жасырынып жүріпті. Жазадан бұлтару үшін Шығыс Қазақстан облысындағы түрлі ауданда астыртын өмір сүріп келген.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Енді нұрсұлтандық полицейлерге беріліп, оған қатысты соталды тергеу басталады.