Қостанай қаласындағы техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жабдық жарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«17 маусым күні сағат шамамен 12-00-де Қостанайда Лермонтов көшесі бойындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жабдық жарылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың 90 пайызы өртенді. Сондай-ақ 7 адам зардап шекті: оның 6-ы жедел ауруханаға жеткізіліп, 3-і жатқызылды. Ал, бір адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – деді ол.