Түлкібас ауданында 23 жылқыны айдап кеткен барымташылар ұсталды

otyrar.kz
otyrar.kz
Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, жасаған қылмыстарын толығымен мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 23 жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Төрт бірдей жергілікті тұрғын жылқыларының ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Олардың бірі 30 жылқысын жайылымға қараусыз жіберіп, кешкісін жылқылар арасынан жалпы құны 4 миллион теңге тұратын 12 жылқысының жоғалғанын көрсеткен.  Осы секілді арыздар  тағы 3 бірдей жәбірленушіден түскен. Олар да  жайылымда жүрген 11 жылқысының жоғалып кеткенін айтып, шағымданған. Сөйтіп, мал иелеріне  жалпы құны 3 500 000 теңге шығын келгені анықталған», - делінген хабарламада.

Аталған оқиға қатысты ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары тарапынан жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылған. Нәтижесінде осы қылмыстарды жасаған деген күдікпен 3 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшесі ұсталды.

Қазіргі уақытта олар қамауға алынып, жасаған қылмыстарын толығымен мойындады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.  

Новости партнеров