Жергілікті жылу желілерін жаңғыртуға байланысты өткен аптада түнде енгізілген Алматының Жетісу ауданының Павлодар көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін екі бағытта қозғалысты шектеу мерзімі 26 тамыз (дүйсенбідегі) сағ.00:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы жылу жүйесі ЖШС-ға сілтеме жасап.
Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Көрсетілген нысанда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымға жылу магистралін жаңғырту жобасын іске асырудың барлық технологиялық ерекшеліктерін сақтау үшін қосымша уақыт қажет.
Бұдан бұрын аталған аумақта көлік қозғалысы 19 тамыз күнгі 12:00-ге дейін жабылады деп хабарланған болатын.
Уақытша шектеулер осыдан 43 жыл бұрын (1981 жылы) пайдалануға берілге, ұзындығы 2 мың 135 метр болатын, аталған қала аумағының автокөлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.