Қазір техникалық күш пен қызметкерлердің басым көпшілігі жарылыс болған жердегі өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған
Жамбыл облысында болған жарылыс салдарынан лапылдаған өрт әлі ауыздықталған жоқ. Барлық күш сонда жұмылдырылған. Әріптесім Ұлағат Арғын оқиға болған жерге арнайы түсірілім тобымен барған болатын. Almaty.tv тілшісі тікелей байланысқа шығуға дайын.
- Ұлағат аудандағы қазіргі ахуал қалай? Ондағы тұрғындарға қаншалықты қауіпсіз? Мән-жайды өзің баяндап берсең.
- Рақмет, Қайрат. Қазір біз Жамбыл облысының Байзақ ауданында тұрмыз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс болған қойма осы жерден шамамен 10 шақырымдай болады екен. Қазір Аудандағы Садық Абланов атындағы мектепте жедел штаб құрылған. Қазір онда ресми Өкілдердің қатысуымен сағат сайын жиналыс өткізіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің ұзаққа созылуына қоймада сақталған жарылғыш заттар мен белгі беру патроны себеп болуы мүмкін. Қазір техникалық күш пен қызметкерлердің басым көпшілігі жарылыс болған жердегі өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған.
«Ауылдағы ахуалға келер болсақ, мұнда қазір кешегі түндегі секілді қарбалас жоқ. Сәл де болса саябырсыған. Ал, өрт сөндіру мен жедел жәрдем қызметін ауылдағы әр көшенің бойынан көруге болады. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, жарылыс болған аймаққа жақын орналасқан ауыл тұрғындарының бәрі эвакуациаланған. Тұрғындарға ешқандай қауіптің жоқ екенін айтты. Десе де, ауыл жұрты кешегі төтенше жағдайдан кейін біраз абдырап қалғандарын жасырмайды», – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.
Ал, ауруханадағы жағдайға келер болсақ жарылыс салдарынан жарақат алған адамдар саны 100 ге жуықтаған. Біз түстен кейін ауруханадағы ахуалды да біліп, дәрігерлермен байланысуға тырысамыз. Қайрат әзірге ахуал осы. Алдағы эфирлерде жағдайдың қалай болып жатқанын жеткізетін боламын. Әзірге мендегі ақпарат осы сөз өзіңде
- Ұлағат, қазір жарылыс болған аймақтағы қауіп сейілді ме? Штаб өкілдері не дейді?
- Жоқ, Қайрат. Қауіптің сейілген сейілмегендігін айту қиын шығар. Себебі, мамандар болса, тағы да жарылыстың болу болмауы туралы ақпаратты айта алмайтындығын жеткізді. Дегенмен, ресми мәліметтерге сену керектігін барынша ескертіп жатыр. Себебі әлеуметтік желілерде тарап жүрген жалған ақпараттар да бар көрінеді.
- Рахмет, Ұлағат. Бізбен Жамбыл облысынан тікелей байланысқа қосылған әріптесім Ұлағат Арғын болатын.