Нұр-Сұлтанда полицейлер көпірден секіріп кетпек болған жігітті құтқарып қалды
кадр из видео
22 жастағы жігіт мас болғаны анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астаналық полицейлер көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сағат 04.30-да Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» көпірінен ер адам секірейін деп тұрғаны хабарланған. Полицейлер келген уақытта ер адам секіріп үлгерген.
«Біз суға секіріп, жігітті ұстап, өзеннің бойына, қауіпсіз жерге шығарып үлгердік», – дейді полицейлер.
22 жастағы жігіт мас болғаны анықталған. Оған медицина қызметкерлері қажет көмекті көрсетті. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған. Одан бөлек, видео полицейлердің жетонына түсіп қалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37