ШҚО-да 7 жасар бала суға батып кетті
ҚазАқпарат
Құтқарушылар оның денесін 21 тамызда 2,5-3 метр тереңдіктен тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында ересектердің қарауынсыз қалған 7 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Алтайка кентіндегі Бұқтырма су қоймасында болған. «Жабдықталмаған су айдынында шомылып жүрген 7 жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін 21 тамызда 2,5-3 метр тереңдіктен тапты», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД мамандары өңір жұртшылығына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15