Ақмола облысында 25 көлік соқтығысқан екі жол апаты болды

24.03.2022 в 19:30

Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығына байланысты халықты алыс жолға шықпауға шақырады

Ақмола облысында 25 көліктің қатысуымен екі жол апаты болды. Біріншісінде 15 көлік, екіншісінде 10 көлік соқтығысқан. Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өңірлік полиция департаментінің жеке құрамымен республикалық маңызы бар бірнеше тасжолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысты жабу ұйымдастырылған. 39 блок-бекет қойылып, онда 67 қызметкер мен 39 көлік жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығына байланысты халықты алыс жолға шықпауға шақырады.

«Осы жылдың 23 наурызында сағат 13.30 шамасында Нұр-Сұлтан-Петропавловск автожолының 456 шақырымында Бозайғыр аулының маңында жаппай жол көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша автокөлік жүргізушісі көлікті кенет тежегендіктен артқы жақта келе жатқан 15 көліктің соқтығысуына жол берген», - деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.