Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірде ұзындығы 26 шақырым, биіктігі 2 метр бөгет салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су тасқыны қаупі әсіресе Миялы ауылына төніп тұр. Қазір өңірде құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Бірінші кезекте әйелдер, балалар мен науқас жандар және мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі. Кешелі бері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қауіпті учаскелерге 48 мыңға жуық қапшық төсеген. Ұзындығы 26 шақырым, биіктігі 2 метр бөгет салынды. Бүгін таңғы сағат 4:30-дағы жағдай бойынша, Ойыл өзенінің деңгейі 1 метр 20 сантиметрге жеткен. Ал өзен бойында орналасқан ауылдардан 2000-нан аса қой, ешкі, 400-ден ірі қара мен 138 жылқы, 20 түйе қауіпсіз аймаққа шығарылды. Тасқынмен күреске 3500-ге жуық адам, 200-ден астам техника жұмылдырылған.

– Аудандағы су деңгейі түсті. Алайда қауіп сейілген жоқ. Қажетті қапшықтар дер кезінде жеткізіліп, қазіргі уақытта таратылып берілді. Бұл бағытта жұмыстар жасалуда. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар, еріктілер қауіпті сейілту үшін жұмыс істеп жатыр, – деді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев.

Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Десе де жергілікті жұрт өз күшімен қауіпті сейілту мақсатында құм төсеп, алдын алу жұмыстарына білек сыбана кіріскен.

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Барлық ұйым, ауылдастар, жастар бірігіп елдімекендерді, соның ішінде ауылды аман алып қалу үшін жанталасып жатыр, – деді Миялы ауылыныңтұрғыны Айжан Изимова.

Оқи отырыңыз: Абай облысында су басқан аймақтан екі шопан құтқарылды

Новости партнеров