Олар Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілген
Ақтөбе облысында 2 автомобиль соқтығысып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлердің сөзінше, жеңіл көлік жолдың қарсы бағытына шығып, жылдамдықпен келе жатқан темір тұлпармен бетпе-бет түйісіп қалған. Салдарынан екі жүргізуші мен 6 жолаушы түрлі жарақат алып, Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
– Оқиға Самара-Шымкент бағытындағы тасжолда болды. Lada көлігінің тізгіншісі осыған дейін де жолаушы тасымалы бойынша ережені бұзғаны үшін 2 рет әкімшілік жазаға тартылған. Сондай-ақ Toyota жүргізушісі де жол тәртібін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады. Жолдағы апаттың алдын алу үшін көлік иелерін ережені қатаң ұстануға шақырамыз, – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Оқи отырыңыз: Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне тағы ота жасалады