|
22.11.2022 | 18:13
6676

Ақтөбе облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

4 жолаушы жарақаттанды

Ақтөбе облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты qazaqstan.tv

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 7 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға таңертең Мұғалжар ауданы, Елек ауылының жанындағы Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 3 көлік соқтығысыпты. ВАЗ автокөлігін тізгіндеуші басты жолға шыға бергенде Lada-мен қақтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 43 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Kia-ға ұрылған. Қаза тапқандардан бөлек, апаттан зардап шеккендер де бар.

"Нәтижесінде Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Сонымен қатар 2 жолаушысы аудандық ауруханада қаза болды. Ал Kia автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген. Барлық жүргізушілерге жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтап, жолда өте сақ болуға шақырамыз", - деді ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир