Балабақшада бүлдіршінді жертөлеге қамап қойған тәрбиеші көпшіліктен кешірім сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
Осы оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі бөбекжай жертөлесіне 5 жасар баланы қамап қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Анықталғандай, жертөледе ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Онда тіпті, от жағатын орын да болған.

«Сол күні менің үлкен баламның туған күні болған еді. Таңертең паркке апармақ болып, балаларымды алып кетуге келдім. Екінші баламды топтан алып келемін дегенше, үлкен топқа бара жатсам, балам жертөледе қамалып отыр. «Нұрислам» деп айқайласам, жертөледен дауысы шығып отыр. Содан сіздерді шақырдым. Бұл жерде бастық кім десем, қамап отырған кісі «Мен» деді де, есікті құлыптап алды», – деді Сарыағаш ауданының тұрғыны Жәмилә Рахым.

Жағдайды өз көзімен көрген баланың анасы құқық қорғау орындарына арызданған. Алайда балабақша тәрбиешісі өзінің кінәсін мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұрапты. «Меңгерушіні кешірдік» деген ата-ана арызымызды қайтып аламыз деп отыр. Ал балабақша құрылтайшысы бұл мәселе бойынша шара қолданылатынын айтты. Осы оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған.  

«Мені кешіріңіздер. Барша халықтан кешірім сұраймын. Баланы жертөлеге кіргізгенім рас. Бәріңіз кешіріңіздерші, өтініш сіздерден. Мұндай жағдай бұдан кейін болмайды», – деді «Ақ көгершін» балабақшасының тәрбиешісі Гүлмира Мұстафаева.

Новости партнеров