Қарағандыда бүлдіршіндерге тиіспек болған 52 жастағы педофил ұсталды
Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда ойнап жүрген бүлдіршіндерге тиіспек болған педофил қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
52 жастағы ер адамның қолға түскені туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«2019 жылдың 21 тамызында сағат 14:00 шамасында 30 жастағы қала тұрғыны Киров аудандық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің балаларға азғындық әрекеттер жасауға тырысқанын айтты. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған адамды полиция бөліміне жеткізді. Ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған фактіге сәйкес, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәл қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45