«Gelandewagen, ақша, жер телімін бопсалаған»: ҰҚК қылмыстық топтың жолын кесті

19.06.2019 19:33

Муляждар сырт көзге кәдімгі қарудан аумайды

Фото: knb.gov.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Нұр-Сұлтандағы қылмыстық топтың заңға қарсы әрекетінің жолын кесті. Олар елордалық кәсіпкерлердің бірінен қомақты қаражат талап еткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерден 27 млн теңге мен Бурабайдағы 10 соттық жер телімін, сондай-ақ Mercedes Gelandewagen көлігін алмақ болған.

Бопсалаушылар кәсіпкер мен оның отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Бұл ретте топ мүшелері суық қару мен оқ ататын муляждарды пайдаланған.

Муляждар сырт көзге кәдімгі қарудан аумайды.

Теги: КНБ РК