|
15.04.2019 | 14:34
3524

Атырауда балықтардың жаппай қырылуының себебі анықталды

Бүгінде өзенге хлордың қайдан келгенін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр

Атырауда балықтардың жаппай қырылуының себебі анықталды

ІІМ Оралда балықтардың жаппай қырылуына қатысты жүргізілген сараптаманың алғашқы нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырауда ведомство аралық комиссия мүшелерінің кездесуінде есеп берген ІІМ өкілі Мұхтар Қожаев полицияның балықтардың жаппай қырылуы фактісі бойынша ҚР ҚК 204-бабы 2-тармағы (Абайсызда өзгенің мүлкін жою немесе зақым келтіру), 328-бабы 3-тармағына (Суларды қоқыстау, ластау немесе сарқу) сәйкес екі қылмыстық іс қозғалғанын еске салды. Сондай-ақ 3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижесі белгілі болды.

«Онда Жайық өзеніндегі балықтардың  хлордан уланғаны көрсетілген», - дейді Қожаев.

Оның айтуынша, бүгінде хлордың қайдан түскенін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатса керек. Сараптама нәтижесінің ұзаққа созылуына өзендегі мұз толықтай ерігенде тағы 10 тонна өлі балықтың табылғаны себеп болды.  балықтардың қырылу себебін анықтау үшін қосымша сараптама осыдан кейін барып тағайындалған. Бұл жолғы нәубетке желтоқсан айындағы улану оқиғасының қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Еске сала кетсек, Жайық өзенінде 111 тоннадан астам балық қырылып қалған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

рыба
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир