Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс ушығып барады

16.09.2022 19:34

Атыс Баткен шекара отрядына қарасты Көк-Таш шекара заставасының аумағында да жалғасқан

inbusiness.kz

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс ушығып барады. Бүгін таңнан бастап тәжік тарапы Қырғызстанның шекара отряды мен заставаларын миномёттің астына алған. Екі-Таш, Чир-Добо, Кум, Мазар мен Орто-Боз аумағын топтық қарудан атқылаған. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атыс Баткен шекара отрядына қарасты Көк-Таш шекара заставасының аумағында да жалғасқан. Алдын-ала мәліметке сүйенсек, қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Қазір қос тарап күшейтілген режимге көшті. Жағдайды тұрақтандыру және қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсаатында бірталай екіжақты келісім жасалғанымен, одан нәтиже шығар емес. Еске салайық, екі ел арасындағы кикілжің осыдан 2 күн бұрын шекара аумағында басталған еді.