|
27.06.2021 | 14:34
1155

Павлодарда көлік апатынан екі адам көз жұмды

Үшеуі ауруханаға түсті

Павлодарда көлік апатынан екі адам көз жұмды pavlodarnews.kz

Павлодарда көлік апаты болып, алған жарақаттарынан 36 жастағы әйел мен 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ге сілтеме жасап.

Куәгерлерден редакцияға келіп түскен бейнежазбада апатқа ұшыраған екі шетелдік автокөлік көрінеді. Оның біреуі қатты жаншылған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 103 нөміріне қоңырау түнгі сағат үште түскен. Екі адам оқиға орнында көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті.

«1997 жылы туған қыз ауыр ми жарақатын және травмалық шок алды, қазір ол комада. 1995 жылы туған ер адам мидың шайқалуымен, жабық бас сүйек-ми зақымы және көптеген омыртқа жарасымен ауруханаға түсті. Тағы бір 1997 жылы туған қыз миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы және омыртқа мойнының жарақатын алған», − деді басқармада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир