Қаза тапқан 40 адамның жеке басы анықталды
Қарағанды облысының Костенко шахтасында қалған жалғыз кеншінің дене бөлшектері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құтқарушылар бұған дейін 45 жұмысшының мәйітін жер бетіне шығарған. Қаза тапқан 40 адамның жеке басы анықталды. Қалған алтауының кім екені әлі белгісіз. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптама жүргізіледі. Төтенше жағдайлар министрі апатты тергеуге Қазақстаннан және шетелден сараптамалық ұйымдар тартылғанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Костенко шахтасының 27 кеншісі әлі ауруханада жатыр