Ақтөбе облысына қарасты Алға қаласында электр станциясы өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін, яғни 8 ақпанда сағат 9:39-да болған.
«Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасын бұзып ашып ішке кірген соң, өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды.
«Алдын ала дерек бойынша өрт 50 шаршы метрге жеткен. Өрт 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - делінгн хабарламада.