«Қоғамда радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызы зор». Халық арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолын қарастырған топ мүшелері осылай дейді. Өзекті тақырыпты ортаға салған бүгінгі жиынға қалалық әкімдікке қарасты дін істері жөніндегі басқармадан бөлек, арнайы түсіндіру тобының мамандары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Былтыр аталған тақырып аясында 400-ге тарта іс-шара атқарылса, биылғы жұмыс көлемі айтарлықтай артады» дейді басқарма басшысы.
«Біздің ісіміз нәтижесі аяғына дейін жету үшін тиісті ҰҚК академиясы және терроризмге қарсы ұйымның мамандарымен бірге ақпараттық талдау тобының мүшелеріне семинар өткізіп жатырмыз. Олардың құрамында филологтар, тарихшылар отыр. Діни экстремизм мәселесін жақсы зерттеген мамандарымыз бар», – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.