Ақтөбе облысында үш жыл бойы құлдықта болған ер адам құтқарылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 48 жастағы тұрғын құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек арнайы брифингте осындай мәлімет айтты. 

«Ақтөбе облысында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 47 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін 48 жастағы облыс тұрғынын күш көрсету және қорқыту арқылы жұмысқа салып келген. Ол көбінесе мал бағу мен үй шаруашылығындағы жұмыстарға жегілген. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Жәбірленуші қажетті көмек алу үшін дағдарыс орталығына орналастырылды», - деді ІІМ өкілі. 

Ал Қызылорда облысында колледждің 2 курс студентін алдау арқылы апта бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталған. 

«Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялап, кірістің жартысын иемденіп отырған. Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалындағы көліктегі полиция департаментімен бірлесіп Өзбекстанда адам саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.


Новости партнеров