Ақтөбе облысында есірткіге қатысты 85 жайт анықталды

15.04.2020 19:36

Мониторинг барысында есірткі тұтынуды және құрамында есірткі бар препараттарды таратуды насихаттайтын интернет-ресурстардың жұмысы анықталып, жолы кесіледі

polisia.kz

Ақтөбе облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіге қатысты құқықбұзушылықтың 85 фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Ақтөбе облысында салмағы 60 кг тұратын есірткі заты табылды. Есірткі құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттарды тарату арналарын анықтау, сондай – ақ есірткі заттары таратылатын интернет сайттар мен QR-кодтарды анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жандандырылды. Мониторинг барысында есірткі тұтынуды және құрамында есірткі бар препараттарды таратуды насихаттайтын интернет-ресурстардың жұмысы анықталып, жолы кесіледі.

“Синтетикалық есірткіге қарсы күресте басты қиындық оларды тарату үшін жоғары технологиялық әдістер қолданылады. Реализатор қашықтықтан жұмыс істейді, жабық электрондық арналар арқылы байланыс қолданады. Интернет желісіне мониторинг жүргізу нәтижесінде есірткі және психотроптық заттардың таратылуы мен жарнамасы бар 31 сайт анықталды” – деп полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Асхат Асқаров айтып берді.

ІІМ 11 қаңтардан бастап есірткіні насихаттайтын және іске асыратын интернет-сайттарға сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін еске салады. Қылмыстық кодексте есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін 299-1 жаңа бап енгізілді. Ол бойынша жаза үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Егер бұл қылмысты адамдар тобы жасаса; бірнеше рет; БАҚ немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланса; қызмет бабын пайдалана отырып, жаза үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде белгіленеді.