|
16.01.2020 | 14:37
5852

Ақтөбеде қалыңдығын айуандықпен өлтірген жігіт 10 жылға қамалды

Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты

Ақтөбеде қалыңдығын айуандықпен өлтірген жігіт 10 жылға қамалды NUR.KZ

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен айыпталған Бақытжан Орынбасаров 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Сонымен қатар, сот оған жәбірленуші тарапқа 2 млн 736 мың 275 теңге материалдық және 3 млн теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеді. Сот заңды күшіне 15 күннен кейін енеді.

Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты. Үкім оқылғаннан кейін өзін ұстай алмаған анасы сот залында жылап жіберді.

«Менің жалғыз қызым өлді. Ол жоқ! Неге 10 жыл? Мен оның ауыр жазаланғанын сұраймын. Адам өлтіргенге неге 10 жыл береді? Қоғамдық пікір туғызып, қолдау білдірулеріңізді сұраймын», - деді қыздың анасы Айгүл Бірімжанова.

Айта кетсек, бұған дейін 23 жастағы сотталушының сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланған.

Естеріңізге салсақ, өмір бойына бірге болуға серттескен ғашықтар оқиғасы қайғылы аяқталды. 23 жастағы жігіт болашақ қалыңдығын ашу үстінде жазым еткен.

Сот тергеуінде сотталушы 2019 жылдың тамызында марқұммен пәтерде кездескенін айтты. Екі апта бұрын қызының жүкті екенін естіген жігіт үйленуге ұсыныс жасайды. Болашақ балалары туралы сөйлескен. Сол кезде қызының жүктілікті үзіп, түсік жасатқаны туралы естіген жігіт ашуға беріліп, оны қылғындырған. 

Жәбірленуші тыныс алу мүшесінің бітеліп қалу салдарынан ауа жетпей көз жұмған. Кейін жігіт өзіне қол жұмсамақ болып, дәрі ішкен. Полицияға жағдайды келесі күні ғана өзі хабарлайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир