Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісінде сағат 11:20-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. MPV магнитудасы - 3,9. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 42.82° с.е. 78.46° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.