Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады», - делінген полиция мәліметінде.
Видео Тик-ток желісінде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.
Дереккөз: Рolisia.kz