Назарбаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты
Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды. Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37