Алматыда тұрғын үйдің 8-қабатынан бүлдіршін құлап кетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәрігерлер жарылып кеткен өкпесіне ота жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған 4 жасар қыз аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Періштесі қаққан бүлдіршіннің өміріне ақ халаттылар араша болған. Дәрігерлер жарылып кеткен өкпесіне ота жасады. Жансақтау бөлімінде 5 күн жатып жағдайы жақсарған қыз қазір үйіне шығарылған. Мамандар оның жағдайын күн сайын бақылап отырмыз дейді. Айта кетейік, қаршадай қыз өзінен бірнеше жас үлкен бауырымен пәтерде қараусыз қалған көрінеді.

«Қосарланған жарақат деген диагноз қойылды. Бас-миының соғылуы, екі өкпесінің жыртылып кетуі, әсіресе, жақ өкпесінің қатты жыртылған. Өкпе қуысында қан, ауа жиналып қалған. Түрлі дене жарақаты бар», – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.

Новости партнеров