Зардап шеккендер жоқ
Павлодар облысында «Вольво» маркалы жолаушылар автобусы аударылып қалды. Тасмыдалдаушы тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі жыраға құлаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 30 жолаушының бірде-біреуі зардап шеккен жоқ. Кейінірек жолаушыларға басқа көлік ұсынылды.
«Барлығы қала кәсіпорнының бірінің жұмысшылары. Көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда осы факт бойынша тексеріс жүргізілуде», – деді облыстық ПД ресми өкілі Алма Мұсабекова.