"Павлодардағы қыз зорлау ісі": полицейлерге қатысты тергеу басталды

"Павлодардағы қыз зорлау ісі": полицейлерге қатысты тергеу басталды
Павлодар тұрғыны өзін такси жүргізушісінің зорлап, телефонын тартып алғанын хабарлаған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодардағы қыз зорлау ісі бойынша полицейлерге қатысты тергеу басталды. Құқық қорғау органы күдіктінің дәлелдері тексеріліп, оның қатысуымен тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар, жеке қауіпсіздік басқармасы қылмыстық істің тергеуін созғаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу шеңберінде қосымша сараптамалар тағайындалды.

Полицияның мәліметінше, сараптама нәтижелері жақын арада белгілі болады. Сондай-ақ Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров жәбірленушімен және оның қорғаушысымен кездесіп, істі жеке бақылауына алды.

Полиция департаментінде тергеу жұмыстарын созғаны және сапасыз жүргізгені үшін өз қызметкерлеріне қатысты шара қолданылатынын атап өтті. Нақты қандай шара қолданылатыны қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Жәбірленушінің айтуынша, оған шабуыл жасаған таксисттің жақындары бірнеше рет келіп, арызын қайтып алуын өтінген.

Еске сала кетейік, Павлодар тұрғыны өзін такси жүргізушісінің зорлап, телефонын тартып алғанын хабарлаған болатын.

Күдікті ұсталғаннан кейін қызды зорламағанын, жолақысын төлеуден бас тартқаны үшін телефонын алып қойғанын мәлімдеді.


Новости партнеров