Тұрғын үй ауласында көлік 7 жасар баланы қағып кетті

22.05.2023 19:39

ЖКО дерегін полиция басқармасы тергеп жатыр

Кадр видеодан алынды

Алматыда тұрғын үй ауласында жүйткіген көлік 7 жасар баланы қағып, одан кейін ойын алаңына соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға Alma City шағынауданында болған. Бейресми дереккөздерде, сол сәтте алаңда адам болмағаны айтылады. Алайда полиция бұған қатысты нақты ақпар бермеді. Тек зардап шеккен баланың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

– Daewoo маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.