Көкшетауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, 6 бала зардап шекті

Almaty.tv
Almaty.tv
Өрттің нақты неден шыққаны анықталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкшетауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай салдарынан 8 адам зардап шекті, олардың алтауы бала. Жарылыс Васильковский ықшам ауданының бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда екі отбасы тұрады. Көп қабатты ғимарат орталықтандырылған газ жүйесіне қосылғанына қарамастан, пәтер иесі үйде төрт литрлік газ баллонын ұстаған. Нәтижесінде ол осындай оқыс оқиғаның туындауына себеп болған.

«Газ-ауа қоспасы жарылып, облыстық балалар ауруханасына 6 бала жеткізілді. Сонымен қатар, облыстық ауруханаға екі ересек түсті. Қазіргі уақытта олар тексеруден өтуде. Өрттің нақты неден шыққаны анықталуда. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды», – деді Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Новости партнеров