21 жастағы жігіт Шалқарда үш адамды атты

21 жастағы жігіт Шалқарда үш адамды атты
Күдікті 16-калибрлі аңшы мылтығын стадионға жасырып қойған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 жастағы жігіт Шалқарда үш адамды атты. Жараланғандардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде шамамен 4:33-те аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен жергілікті тұрғындар Шалқар қаласындағы «Мерей» сауда орталығына жақын маңда Әйтеке би көшесі маңында бытыралы оқтан үш адам зардап шеккенін хабарлаған. Олар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.  

"Полицейлер жедел іздеу шаралары барысында ізін суытпай күдіктіні ұстады, ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

Күдікті 16-калибрлі аң аулау мылтығын стадионға жасырып қойған. Қару тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Новости партнеров