Атыраудағы қамыс өрті бүгін, ертең толық сөндіріледі - Юрий Ильин

Almaty.tv
Almaty.tv
Үш күн ішінде 80 гектардан астам аумақта өрт сөндірілген.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы қамыс өрті бүгін, ертең толық сөндіріледі. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Оның айтуынша, тілсіз жаумен күресу үшін өзге облыстардан тікұшақ пен төтеншеліктер жұмылдырылған. Алапат өртті аймақтағы ауа райы қолайлы болса, әуеден су шашып өшіру жоспарланып отыр. Үш күн ішінде 80 гектардан астам аумақта өрт сөндірілген. Жалын шарпыған аумақ 89,5 гектарды құрайды.

«Атырау облысында болған жағдай ерекше бақылауда. Біздің қызметкерлер үш күннен бері жалын шарпыған аумақты сөндіруге күш салып жатыр. Қамыс өртін өшіруге барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық әртүрлі техника жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Бұл ақпаратты кейін ресми хабарлаймыз», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Новости партнеров