Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
- Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша жел ғимарат шатырларын ұшырып кетіп, электр бағаналарын зақымдады. Сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күші мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын, - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Айта кетейік, қазіргі таңда ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстан облысын қар басып қалды