Талдықорғанда суға кеткен қыз 5 күннен бері табылмай жатыр
Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің 62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51