Алматыда букмекерлік кеңсені тонамақ болғандар күзетшіні өлімші етіп ұрып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда букмекерлік кеңсені тонамақ болғандар күзетшіні аяусыз соққыға жықты. Оқиға 20 қаңтар күні Алматыдағы букмекерлік орталықтардың бірінде болған.
Таңғы сағат бес кезінде бет-аузын бүркеген екі жігіт ойын орталығында алаңсыз отырған жігітті қатты затпен бас-аяғынан ұрып, тепкілеп тастаған. Қан-жоса болған күзетші ауыр халде ауруханаға түскен.
Аталған жайтқа қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы соталды тергеу жұмыстарын бастап, Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағымен іс қозғағанын мәлімдеді. Қылмысқа барған күдіктілерді анықтап, ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36