Алматыда букмекерлік кеңсені тонамақ болғандар күзетшіні өлімші етіп ұрып кетті

21.01.2019 20:41

Алматыда букмекерлік кеңсені тонамақ болғандар күзетшіні аяусыз соққыға жықты. Оқиға 20 қаңтар күні Алматыдағы букмекерлік орталықтардың бірінде болған.

Таңғы сағат бес кезінде бет-аузын бүркеген екі жігіт ойын орталығында алаңсыз отырған жігітті қатты затпен бас-аяғынан ұрып, тепкілеп тастаған. Қан-жоса болған күзетші ауыр халде ауруханаға түскен.

Аталған жайтқа қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы соталды тергеу жұмыстарын бастап, Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағымен  іс қозғағанын мәлімдеді. Қылмысқа барған күдіктілерді анықтап, ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.