|
22.01.2019 | 14:41
2297

Петропавлда итке таланған ер адам ауруханаға жатқызылды

Петропавлда итке таланған ер адам ауруханаға жатқызылды

Петропавлда полицейлер өз иесін қапқан алабайды атып өлтіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Партизан көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде алабай тұқымдас ит өз иелеріне шабуыл жасаған, деп атап өтті құқық қорғаушылар. Ит күндіз арнайы торда қамауда тұрады екен, ал түнде аулаға босатып жіберетін көрінеді. Таңертең үй иесінің әйелі алабайды вольерге кіргізе алмай қояды.

«Ит бағынбай, әйелге тап берген. Көмекке ұмтылған күйеуін қауып алыпты. Әйел адам полиция шақырды. Тәртіп сақшылары келгенше көршілері иттің көңілін аулауға тырысқан, бірақ үй хайуанаты онсыз да денсаулығы нашар қожайынын жібермей қояды. Оқиға орнына келген Петропавл қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды», — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

1951 жылы туған ерлі-зайыпты екеуі де итке таланған, ер адам ауруханаға жатқызылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир