Оның өмірін аман сақтау үшін білікті мамандардан консилиум құрылды
Алматы маңындағы блок-бекетте орын алған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған полицейдің жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігерлер оған жансақтау бөлімінде тиісті ем жүргізіп жатыр. 26 жастағы аға лейтенант Ербұлан Сейдәзім басынан ауыр жарақаттар алған. Оның өмірін аман сақтау үшін білікті мамандардан консилиум құрылды.
«Науқастың жағдайы әлі де ауыр. Жан сақтау бөлімінде қарқынды ем алуда. Нейрохирург және басқа да мамандармен консилиум жүргізілді. Клиникалық және неврологиялық белгілері бірқалыпты. Ауыр бас жарақатының емдеу ережелеріне сай ем қабылдауда», – дейді № 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан ТӨБЕЛБАЕВ.