|
24.03.2024 | 14:43
430

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды

Іздеуге ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды polisia.kz

23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жоғалған балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туғандар.

- Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады, - деп таратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Балалар арасындағы көкжөтелге не себеп

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир