Өскеменде үй алып берем деп 5 млн теңге алған әйел ұсталды
news.yandex.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскеменде 48 жастағы әйел ұсталды. Ол баспана алып беруге көмектесемін деп адамдардан ақша алған, деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, 23 шілдеде 52 жастағы әйел алаяқтық фактісі бойынша полиция бөлімшесіне шағымданған.
«2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынып, алаяқтық жолмен 5 200 000 теңге көлемінде ақшаны иемденіп алған», - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін де бірнеше рет істі болған 1971 жылғы әйел өз кінәсін мойындады. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37