Алматы облысында тұрғын үй өртеніп, 34 адам баспанасыз қалды

02.12.2021 21:23

Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерген

© AP Photo / Noah Berger

Алматы облысында үй өртеніп, 34 адам далада қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Төңкеріс ауылындағы 8 пәтерлі барак типтес үйдің 6 пәтері қызыл жалынға оранып, оның ішінде екеуінің шатыры жанған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде үйден шығып үлгерді.

Бүгінде зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселесі қарастырылып жатыр.  

«Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 19:18-де ауыздықталды. 2 пәтерге өрттің таралуына жол берілмеді. Қаза болған мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына ішкі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», – деді ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Ахашов.