Аяғы жұлынып кетті: Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір азамат қаза тапты

Аяғы жұлынып кетті: Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір азамат қаза тапты
Қайтыс болған бала Атыраудағы колледждердің бірінде 3-курста оқыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқиға Баймұқанов көшесінде сенбі күні болған. Бейнекадрда жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан жігітті көліктің қатты келіп соққанын байқауға болады. Соққының қатты болғаны соншалық 2002 жылы азаматтың бір аяғы жұлынып, оншақты метрге бірден ұшып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша Тойота маркалы автокөлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал, қайтыс болған бала Атыраудағы колледждердің бірінде 3-курста оқыған.

«Жол көлік оқиғасы таңертеңгі 9.30 шамасында Баймұханов көшесінің бойында болды. Тойота Камри маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 342 бабының үшінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші автокөлік ол жерде жаңағы видеодан көрінеді ғой автокөлік келе жатқаны. Сол Мерс автокөлігінің жүргізушісіне қатысты да сараптама тағайындалды. Қазір ол Мерс автокөлігі айып тұрағына қойылды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Новости партнеров