Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілген
Карантин кезеңінде төрт ер адамның массаж салонына барғандығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Мекемелердің бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті әйел “жұмыс істеді”, соның ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды”, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Тәжірибе көрсеткендей, өкінішке орай, бүгінде бүкіл әлемге қауіп төніп тұрғанын барлық азаматтар біле бермейді.
“Мұндай фактілер, өкінішке орай, бір-екеу ғана емес. Олар тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта жедел бөлімшелер құрамынан арнайы мобильді топтар жұмыс істейді”, – деді Алмасбеков.